20 Маусым, 2015

Төраға орынбасарымен кездесті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының Әйелдер мен балалар ісі комиссиясы төрағасының орынбасары Шукрия Пайкан Ахмадимен кездесті. Ауған парламентшісі Аста­наға Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдығына арнал­ған «Қазақстан жолы: Бірлік.Патриотизм.Реформалар» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін келген болатын. Тараптар Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қос­қан және ауған халқына жаса­ған ізгілікті көмегін атап өтті. Сон­дай-ақ, екіжақты ынтымақ­тас­тықты арттыру, оның ішінде сауда-эко­номикалық, мәдени-ізгілікті салаларды нығайту мәсе­­лелері тал­қыланды. Парла­мент­аралық өзара байланыстың көкжиегін кеңейтуге айрықша назар аударылды. Жүздесуге ауғандық парла­мент­ші Баз Мохаммад Джаузд­жани мен Мәжіліс депутаттары Мурат Ахмадиев және Самиғолла Ора­зов қатысты, деп хабарлады ­Пар­ла­мент Мәжілісінің баспасөз қызметі.