Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұрлан Жазылбеков Румыния Парламентінің Депутаттар палатасы Парламентаралық одақпен бірлесіп ұйымдастырған Орталық және Шығыс Еуропа парламенттерінің Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік семинар жұмысына қатысты. Семинар Бухарест қаласында өтті.
Іс-шара барысында Орнықты даму мақсаттары және олардың Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі мәні, оларды іске асырудағы парламенттердің рөлі, парламенттер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысы, гендерлік теңдік, сондай-ақ, Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру арқылы төтенше жағдайлар мен климаттың өзгеру тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында Н.Жазылбеков Румынияның Парламенті Депутаттар палатасының Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Ласло Барбеламен кездесті. Депутаттар өзекті халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Сапар барысында қазақстандық депутат «Қазақстан-Румыния» парламенттік достық тобының басшысы, Румыния Парламенті Депутаттар палатасының мүшесі Костел Алексемен кездесу өткізіп, қазіргі кездегі парламентаралық ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ, екі ел парламенттері арасындағы байланысты дамыту жайын талқылады.
Кездесу соңында К.Алексе Румыния Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Валериу Згоняның Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповқа Бухарестке ресми сапармен келу жөніндегі шақыруын табыс етті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше