Мыңдаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері тұратын «Саран» шағын ауданында Көлік қызметкерлері күні қарсаңында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған болатын.
– Бүгін «Саранда» айтулы да маңызды оқиға болып жатыр. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның ашылуы. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық талаптарын ескере отырып салынған, – деді балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев.
Бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Астана қалалық білім департаменті меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Магистральдық желі дирекциясының менеджері Алтынай Нысанбаева құрылысты жүргізген кәсіпорын мен оған тапсырыс берген Ұлттық компания басшыларына алғысын білдірді.
Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға толық сай келеді. Жап-жаңа екі қабатты ғимаратта әртүрлі жас айырмашылығы бар топтарда жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивті тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топқа арналған спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған.
Балабақша еден арқылы жылытылады. Ақылды «жарық» құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуу бөлмелері соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Салалық әлеуметтік маңызы зор бұл нысан Астанадағы балабақша кезегін де азайта түседі.
«Егемен-ақпарат».

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20