Спорт • 28 Сәуір, 2025

Апта бұрынғы спортшылардың жеңістері

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері туралы шолу мағлұмат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Апта бұрынғы спортшылардың жеңістері

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Спорттық гимнастика: Каир (Мысыр) қаласында Әлем кубогі кезеңінде Милад Карими топ жарды. Ол еркін жаттығу финалында 14.133 ұпай жинады.

Дзюдо: Таиландтың Бангкок қаласында Азия чемпионатында қоржынға 4 қола медаль түсті: Ғалия Тынбаева (48 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Максим Мейірлан (90 кг).

Волейбол: Филиппинде әйелдер командалары арасындағы Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы финалда Вьетнам клубын 3:1 есебімен ұтып, жеңімпаз болды.

Таэквондо: Қытайдың Тайань қаласында President’s Cup – Asian Region  турнирінде отандық спортшылар 3 медаль жеңіп алды. Самирхон Абабакиров (63 кг) күміс жүлдегер атанса, Батырхан Төлеуғали (80 кг) және Азиза Қаражанова (53 кг) қола жүлдегер атанды.

Көркем гимнастика: Ташкентте Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы топтық сында үздік үштіктің қатарына енді. Команда құрамында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова бар.

Велоспорт: Қытайда велотректен Hong Kong International Track Cup турнирінде Қазақстан велошабандоздары 2 күміс пен 1 қола медаль еншіледі.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50