Спорт • 28 Сәуір, 2025

Александр Кузнецов «Шахтер» футбол орталығын басқарады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жасөспі­рімдер құрамасының бұ­рынғы бас бапкері Александр Кузнецов «Шахтер» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Кузнецов «Шахтер» футбол орталығын басқарады

Клуб директоры Талғат Дүйсеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып, көптен сүйінші сұрады.

– Ақпарат – үлкен күш. Сол ақпаратты дұрыс өңдеп, оң шешім қабылдай білу өте маңызды. Біз «Шахтер» футбол клубына мықтылар жиналуы керек деп есептегендіктен, клубымызға Александр Кузнецовты шақырдық. Ал, ол бұл ұсынысты қабыл алды. Бүгіннен бастап, Александр Евгеньевич «Шахтердің» футбол орталығын басқармақ, – делінген хабарламада.

Александр Евгеньевич Қазақстан U-19 құрамасын 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Осы тұста ұлттық құрамалардың бас бапкері ретінде жеткен жарқын жетістіктері күні бүгінге дейін жанкүйер жадында. Енді «Шахтер» клубына да өз тәжірибесі мен кәсібилігін көрсетіп, жаңа биіктерді бағындыратынына сенім зор.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025