АСТАНА. 1 тамыз. Атақты поп-әншісі, марқұм Майкл Джексонның өнер көрсеткен кездері сахнаға киіп жүрген ақ қолғабы аукционда 64,8 мың долларға сатылды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
Онлайн-аукцион сипатында өткен шараны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Нейт Сандерс аукцион үйі жүргізген. Оның старттық бағамы 20 мың доллардан басталған.
Әзірге жеңімпаздың есімі айтылмай отыр. Алайда, аукцион кезінде сатып алушылар 8 рет баға ұсынысын қойған.
Айта кетейік, Майкл Джексон оң қолына ақ қолғап киіп, сахнаға бірінші рет 1983 жылы шықты. Кейін, 1999 жылы сұхбат алу кезінде журналистер одан неге қолғаптың біреу екенін сұрағанда, ол: «Неге біреу дейсіз бе? Себебі, біреу деген екеуге қарағанда, ерекше көрінеді ғой», – деп жауап берген.
1984 жылы Джексон қолғабына өзінің тапсырысы бойынша көптеген полотно салдырған. Ал кейбір қолғаптарын нағыз өнер туындысына айналған суретші Пол Бедардқа сыйға тартқан.
Музыка әлемі тарихындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі болған Майкл Джексон 2009 жылғы 25 маусымда 51 жасында өмірден өтті. Оның Thriller деген альбомы барлық уақыттар мен халықтар арасында ең көп сатылған күйтабақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: ras.kz.
• 01 Тамыз, 2015
Атақты Майкл Джексонның қолғабы аукционда 64,8 мың долларға бағаланды

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45