АСТАНА. 20 маусым. Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Әңгімелесу барысында Петр Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина президентіне ризашылық білдірді.
Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты.
Қазақстан мен Украина президенттері Петр Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 20 Маусым, 2015
Мемлекет басшысы Украина президентімен телефон арқылы сөйлесті

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше