АТЫРАУ. 3 тамыз. Атырауда 1 тамыздан бастап су және кәріз тарифінің бағасы қымбаттады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау қаласын сумен қамтамасыз ететін «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тарифті өсіру жөніндегі ұсынысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тарапынан қолдау тапты. Аталған департамент басшысының орынбасары Әлсейіт Сабыровтың мәлім етуінше, бұдан былай жеке тұлғалар судың бір текше метрі үшін 101 теңге 33 тиын төлейтін болды. Бұрын бұл баға 68 теңге 28 тиын еді. Ал заңды тұлғаларға бір текше метр суды пайдаланғаны үшін тариф құны енді 316 теңге 72 тиынды құрамақ. Бұл баға осы кезге дейін 189 теңге 7 тиын деңгейінде сақталып келген болатын.
«Атырау су арнасы» басшылары тарифтің қымбаттауына бірнеше себепті алға тартып отыр. Біріншіден, кәсіпорын шығыны көбейген болса, екіншіден, қажетті материалдар мен химиялық реагенттер бағаларының өсуі әсер еткен. Үшіншіден, су тарифтерін қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізуге байланысты кешенді жоспарды жүзеге асыру қажеттігі туындапты. Төртіншіден, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын іске асыру көзделіпті.
Сонымен бірге, Атырауда кәріз жүйесі тарифі де қымбаттады. Енді атыраулық жеке тұлғалар бір текше метрге 35 теңгеден, ал өзге тұтынушылар 151 теңге 98 тиын төлеуге мәжбүр болады. Бұл қызметке төленетін баға бұрын тиісінше, 31 теңге 39 тиын және 122 теңге 12 тиын болған еді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: dknews.kz.

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45