20 Маусым, 2015

Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде екі орталық ашылды

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-06-2015-Korkyt ata 01АСТАНА. 20 маусым. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Назарбаевтану» ғылыми-оқу және «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталықтары ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Аталған орталықтар Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты ұлттық жоспарын, сондай-ақ, еліміздің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр. «Назарбаевтану» ғылыми-оқу орталығы университетте 2014 жылы құрылған «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасына қарасты «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы жанынан қоғамдық негізде құрылды. Орталықтың басты мақсаты – Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттырудағы ерен еңбегін насихаттау. Ал «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығының мақсаты – ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін, тарихи ой-өресі жетілген, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады. «Мәңгілік Ел» оқу-тәрбие орталығы «Педагогика және психология» кафедрасы жанынан қоғамдық негізде ашылды. Талғат Райымбек. Дерек: egemen.kz. Сурет: akmeshit-zhastar.kz.