Қаржы • 20 Мамыр, 2025

Доллар бағасы өсті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 510,78 теңгені құрады.  Осылайша 1, 21 теңгеге өсті, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағасы өсті

Ұлттық банктің кешегі күнге бекіткен ресми бағамы – 509,51 теңге. Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматы қаласындағы  ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 512, 91 теңгеден,  Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 514, 58 теңгеден сатылуда.

Естеріңізде болса, АҚШ валютасы 14 мамырда 3,63 теңгеге,  15 мамырда  4,06 теңгеге өсіп, 16 мамырда  1 теңгеге түскен еді.

Соңғы жаңалықтар