АСТАНА. 22 маусым. Бүгін Ұлы Отан соғысының басталған күні. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды. Осыдан тура 74 жыл бұрын фашистік Германия КСРО-ға соғыс ашты. Дәлірек айтсақ, 1941 жылдың 22 маусымы күні, шамамен таңғы сағат 4 кезінде неміс әскері кеңес үкіметінің батыс шекарасына басып кірді. КСРО-ға фашис әскері үш бағыт бойынша соққы жасап, бар-жоғы 8-10 аптада басып алмақ болған. Алайда, Кеңес Одағы жаудың тосыннан жасаған соққысына тойтарыс бергенімен, тарихта Ұлы Отан соғысы деген атпен қалған бұл шайқас 1945 жылы аяқталды. Бұл соғыста КСРО 27 миллион адамынан айырылды. Ал Қазақстаннан аттанған 1 200 000 жауынгердің тең жартысы майдан даласында шейіт болды. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысында 500-ден аса қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Мұның 100-ден астамы қазақ азаматтары. Талғат Райымбек. Дерек: egemen.kz. Сурет: el.kz.
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Кеше
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Кеше