ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. Биылғы көктемде Қызылорда облысы бойынша 7 рет сенбілік өткізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған қоса, 18 сәуір күні «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді. Аталған шара облыстың барлық деңгейдегі елді-мекендерінде жүргізіліп, оған аумақтық, облыстық, қалалық, аудандық мекеме қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Акцияға облыс бойынша барлығы 24 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 69 мыңнан аса ағаш көшеттері егілді.
Ал аймақтағы «Тазалық айының» аяқталуына 10 күн қалды. Алайда, аудандарда әлі күнге дейін арнайы коммуналдық мекемелер жұмысы жолға қойылмай келеді. Тазалық шараларына немқұрайлы қараған қала тұрғындары мен мекеме басшыларына 500-ден астам айыппұл салынып, 1000-нан аса ескерту жасалған.
Тазалық сақтау жұмыстарына көңілі толмаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тазалық айлығын 29-шы маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, аймақ басшысы Сыр елі ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті екенін айтты. Тиісті сала басшыларына барлық аудандарды аралап, көгалдандыру, көркейту жұмыстарының барысын қадағалуды, қалдықтарды тастайтын полигондарды салу жұмысын тездетуді тапсырды. Әрбір сырбойылық өзі тұрып жатқан мекеніне деген жауапкершілігін сезініп, жанашырлық танытып, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әрбір аула, көше таза да көрікті болары сөзсіз.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: muftyat.kz.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06