ОРАЛ. 6 мамыр. Орал қаласындағы «Жедел медициналық жәрдем» стансасында АДИС бағдарламасы бойынша жасалған автоматтандарылған басқару жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Станса директоры Сергей Бекежановтың айтуынша, облыстағы барлық жедел жәрдем жүйесі түгелдей дерлік автоматтандырылған. Бұл өміршең жоба, әсіресе, жеделдік, статистикалық және әкімшілік тұрғысынан үлкен жеңілдіктер әкеліп отыр.
Осы тәртіппен АДИС бағдарламасы тек облыс орталығында ғана емес, сонымен бірге, аудандар мен ауылдарда да тиісті бақылау жүйесі мен шұғыл медициналық көмекті іске асыра алады. Сәл шегініс жасар болсақ, мұндай автоматтандырылған жүйе тұңғыш рет 2010 жылы Орал қаласында енгізілген. Одан кейінгі кезде бұл жаңашылдық облыс аудандарына да орныға бастады. Мұның өзі жоғарыда айтылғандай жедел жәрдем қызметінің тиімділігі мен жеделдігін көтерді. Оның шақырылған жерге келу уақытын отыз пайызға тездетті. Сонымен қатар, автоматтандыру есебінен тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарды.
«Ақмола связ инвест» ЖШС компаниясы өкілі Марат Айгелевтің айтуынша, аталған қондырғылар Ресейде жасалған. Оның әлемдік бәсекеге төтеп беру қабілеті жоғары. Батыс Қазақстан облысы автоматтандырылған жүйені енгізу мен орнату үшін 48 миллион теңге жұмсады. Орал өңірі әзірге АДИС бағдарламасы облыс орталығына ғана емес, сонымен бірге, аудандарға да енгізілген республикадағы бірінші облыс болып отыр.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 06 Мамыр, 2015
Батыс Қазақстанда жедел жәрдем жұмысы қарқынды дамуда

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06