Ғалам ғажаптары • 03 Маусым, 2025

Киноның ықпалы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғарыштық зымырандарды ұшыру кезінде қолданылатын кері санау әдісін алғаш ойлап тапқан ға­лым­дар мен инженерлер емес, кинема­тографистер.

Киноның ықпалы

«Он...тоғыз...сегіз...жеті...» деп басталатын бұл рәсім бүгінде ғарыш сапарының қалыптасқан дәстүріне айналды. Тағатың­ды тауысып, дымыңды құртатын осы бір тәсіл алғаш рет 1929 жылы шыққан неміс­­тің «Айдағы әйел» («Frau im Mond») атты ғы­лыми-фантастикалық фильмінде қол­да­нылған. Көрерменнің қобалжуын күшей­тетін бұл әдіс, әрине, сол кез үшін тосын әрі әсерлі жаңалық еді. Кейін дәл осы эффект нақты ғарыш саласында да көрі­ніс тапты. Мінеки, бұл – кино өнерінің ғы­лымға жасаған ғажайып ықпалының бір мысалы.

 

Соңғы жаңалықтар

Ақсайда келешек мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ішкі нарықты қорғау міндеті

Саясат • Бүгін, 09:05

Оңтайлысы онлайн төлем бе?

Қаржы • Бүгін, 09:00