Туризм • 03 Маусым, 2025

Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың соңына қарай Каспий теңізінде Ақтаудан Махачкалаға дейін круиздік лайнер қатынасы қолға алынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынай бастайды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, Маңғыстау облысы круиздік туризмді дамытуда зор әлеуетке ие. Осы бағытта Ақтау мен Құрық порты аралығындағы Каспий теңізінің жағалауында теңіз курорттары мен жағажай демалысын дамыту жоспарланған. Бұл үшін жаңа нысандар – қонақүйлер мен тақырыптық ойын-сауық саябақтары салынады.

Жоспар бойынша ресейлік круиздік лайнер іске қосылады. Ол «Судағы бес жұлдызды қонақүйлер» тұжырымдамасына сай келеді. Круиз маршрутына Ақтау (Қазақстан), Астрахань және Махачкала (Ресей), Түрікменбашы (Түрікменстан), Амиробад, Ноушехр және Энзели (Иран), сондай-ақ Баку (Әзірбайжан) порттары кіреді.

Жыл соңына дейін круиздік кеме пайдалануға берілгеннен кейін алғашқы сынақ сапарына шығады.

Сонымен қатар, теңіз круиздерін ұйымдастыру бойынша жағалаудағы елдермен құжаттар жобалары әзірленіп жатыр. 2020 жылы басталған Әзербайжанмен келісім және 2019 жылы басталған Иранмен келісім жобалары бар. Қазіргі уақытта басқа Каспий маңы елдерінің ұстанымдары күтілуде.

Туризм комитетінің хабарлауынша, бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35