06 Мамыр, 2015

Оралда кезекті жаңа кеме суға түсірілді (фото)

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_4795-800x600ОРАЛ. 6 мамыр. Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласындағы «Зенит» зауыты өзінің кезекті су жаңа кемесінің тұсауын кесті. Кемені суға түсіру шарасына еліміздің әскери теңіз күштері саласының қызметкерлері мен зауыт жұмысшылары және қала тұрғындары жиналды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап «Зенит» зауыты еліміздегі кеме өндірісі саласының көшбасшысы атанды. Бұл – Каспий теңізіндегі шекара тыныштығын күзетуге аттанатын зениттіктер шығарған 23-ші кеме. Басты ерекшелігі – су бетінде үздіксіз 3-5 тәулікке дейін сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. Сонымен қатар, әлемдік кеме жасаудағы барлық технологиялар ескерілген. Зенит өнімі қарулы да қуатты. Сала мамандары тез қозғалып, күрт бұрыла алатын «FC-19» кемесінің күшімен теңіз шекарасын бұзушылар мен заңсыз балық аулаушыларды оңай қолға түсіретіндерін айтады. «Теңіз тыныштығы, ондағы тәртіпті қадағалау Қазақстан қарулы күштері үшін үлкен сын. Бүгін мемлекетіміздің айбыны мен қуатын одан әрі арттыра алатын тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзетуге зор үлес қосып жүрген «Зенит» зауыты ұжымының еңбегі ерең. Бүгінгі суға түсірілген кемемен жүретін еліміздің шекара қызметі сақшыларына ақ жол тілейміз», – деді салтанатты рәсімде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: «Мой Город». IMG_4822-800x600 IMG_4833-800x600 IMG_4842-800x600 IMG_4892-800x600 IMG_4965-800x600