06 Мамыр, 2015

Қостанайлықтар «Еске алу эстафетасын» қорытындылады (фото)

353 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
06.05.2015 Qostanay-10ҚОСТАНАЙ. 6 мамыр. Қостанайда І.Омаров атындағы облыстық драма театрында Жеңістің 70 жылдығына арнап жыл бойы жүрген «Еске алу эстафетасы» жобасы қорытындылауға байланысты патриоттық кеш өтті. Онда «Жауынгерлік Даңқ кітабы» салтанатты түрде облыстық тарихи-өлкетану музейіне табыс етілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 06.05.2015 Qostanay-11Өткен жылдың күзінде облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық архив және құжаттама басқармасы және облыстық ардагерлер кеңесінің біріккен жобасы «Жауынгерлік Даңқ кітабы» ұйымдастырылып, ол аудандарды, қалаларды аралаған болатын. Ол әр ауданда, қалада соғыс жайлы естеліңктермен, тың деректермен, яотосуреттермен толтырылды. Оған облыстағы соғыс және тыл ардагерлері, жастар, мектеп оқушылары белсене қатысты. Жеңіс күні қарсаңында осы жобаны қорытындылау салтанаты өтті. Театр фойесінде келушілер облыстық архив және құжаттама басқармасы ұйымдастырған құжаттар мен фотосуреттер көрмесін тамашалады. 06.05.2015 Qostanay-12Юлия Говорова: «Бүгінгі көрмеге 145 жәдігер құжат қойылды. Олардың барлығы да аудандар мен қалалардағы тұрғындардан жиналды. Бұрын көбіне архивте Ұлы Отан соғысы батырларына, белгілі тұлғаларға қатысты материалдарға көңіл бөлінетін. Биыл біз тұрғындар қолындағы соғысқа қатысты барлық материалдарды жинадық. Көптеген адамдар соғыста қайтқан туыстарының, аталарының, әжелерінің суреттерін, хаттарын өздері әкеліп тапсырды, сонымен қатар тылдағы еңбеккерлер, соғыс кезіндегі балалар туралы мағлұмат көп», деді. 06.05.2015 Qostanay-13«Еске алу эстафетасының» соңғы шарасында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде Қазақстанда баламасы болмаған бұл шараның маңызыдылығына тоқталды. Мұрат Дәрібаев: «Еске алу эстафетасы» облыста үлкен патриоттық қозғалыс туғызды. Кітаптың авторы бүкіл қостанайлықтар болды десек артық емес. Оған соғыс, тыл ардагерлері, педагогикалық ұжымдар, жастар, барлығы да белсене қатысты. Соғыс және тыл өмірінен тың деректер табылып, ол мәліметтер жұртшылыққа жарияланды. Мұның барлығы патриоттық тәрбие өзегіне айналары сөзсіз», деді. Мерекелік шарадағы шырқалған патриоттық әндер, драмалық шығармалардан үзінділер, оқылған өлеңдер алыста қалған қаһарлы күндердің санадағы жаңғырығындай жүректі тебірентті. Әсіресе, Меңдіғара ауданындағы Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Мая Орыналы жазушы К.Сегізбаевтың «Жылдың ең қысқа күндері» кітабынан оқыған үзіндісін залдағылардың барлығы жылап отырып тыңдады. Талантты оқушы соғыста әкесінен айырылған баланың монологын жеріне жеткізе орындады. Жеңістің 70 жылдығына арналған «Еске алу эстафетасы» қорытындыланғанымен, «Жауынгерлік Даңқ» кітабы бройынша жұмыстар жалғасын табатын болады. Кітап көбейтіліп, ол облыстағы мектептер мен оқу орындарының кітапханаларына таратылып берілетін болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz