Аймақтар • 04 Маусым, 2025

Атырауда Мемлекеттік ту 91 метр биікте желбіреді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда рәміздер күніне орай тутұғыр алаңына жиналғандарды  облыс әкімі Серік Шәпкенов құттықтап, рәміздердің ел үшін маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Мемлекеттік ту 91 метр биікте желбіреді

«Мемлекеттік рәміздер жай ғана белгі емес. Рәміздер – халықтың рухын, ұлттың болмысын, мемлекеттің өткені мен болашағын айқындайтын қасиетті нышандар. Туымыз – көк аспандай кеңдік пен тыныштықтың, қырандай еркіндік пен биіктіктің белгісі. Ал Елтаңбадағы шаңырақ пен пырақ бейнесі халқымыздың тұтастығы мен тарихи тамыры тереңде екенін көрсетеді. Әнұранымыз ел рухын көтеріп, ел болашағына сенімді нығайтады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – заң талабы ғана емес, құрметтің көрінісі. Бұл күні әр азамат үшін бұл күн патриоттық рухты жаңғыртып, тәуелсіздіктің қадірін терең сезінеді», деді Серік Шәпкенов.

Атыраудағы 2020 жылы орнатылған тутұғырдың биіктігі – 91 метр. Алып туды үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе электр жетегімен көтеретін көп қырлы болаттан жасалған дөңгелек конустық тірегі бар.

Тутұғыр алаңына субұрқақ пен доға пішінді композиция орнатылған. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғары жағында Елтаңба, ал шеткі бөліктерінде Әнұран жазылған.

Атырау облысы

 
 
Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025