Парламент • 06 Маусым, 2025

Мәжіліс төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Қошановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Фото: inform.kz

«Қадірлі ағайын!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – барша мұсылман қауымы үшін ұлағатты, тағылымды мереке. Адамдарды мейірім мен ізгілікке шақыратын, ұлтымызды ұйыстыратын ұлық мейрам.

Айт күндері жұртшылық бірін-бірі құттықтап, игі тілектер жолдайды. Жақсы істерге ұйытқы болып, шынайы ниетпен мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.

Құрбан айт – рухани кемелденетін кезең. Ол қоғамдағы  келісімді, бірлік пен татулықты нығайта түседі. 

Мейірбандылық, жанашырлық пен қайырымдылық сияқты халқымызға тән ізгі қасиеттерді дәріптеуге септігін тигізеді.

Ендеше, шуақты мереке елімізге амандық пен бақ-береке әкелсін! 

Шалған құрбандарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!», делінген аталған құттықтауда. 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025