ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. Қызылордада ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлеріне арналған мәрмәр тақтаның салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Салтанатты рәсімге ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы және жеке құрам қатысты.
Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың марапаттау жайлы бұйрығы ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен Ұлы Отан соғысы ардагері Ислам Әбішбеков Құрмет грамотасына ие болды. Қызылорда облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің 15 ардагері, сондай-ақ өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің бірнеше қызметкері марапатталды.
Сонан соң ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының 102 ардагерінің аты жазылған мәрмәр тақтаның ашылу рәсімі өтті. Ескерткішті Ұлы Отан соғысының ардагері Махамбет Бержанов пен тыл еңбеккері Пірімбет Байтоқаев ашты. Бұдан кейін жиналғандар 1 минут үнсіздік жариялап, соғыста қаза болғандарды еске алып, рухтарына тағзым етті.
Іс-шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен қорытындыланып, шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті. Сонымен қатар, ардагерлердің құрметіне мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06