АСТАНА. 6 мамыр. Біріккен Араб Әмірліктерінде электр энергиясын 100 пайыз күн батареялары арқылы алатын қонақ үй ашылады. Аталған кешенді 2017 жылдың бірінші жартысында ашу жоспарланған. Бұл туралы Inter Continental Hotels Group (IHG) компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап, 24today.net хабарлады.
Indigo деп аталатын қонақ үй 170 бөлмеден тұрады. Сондай-ақ, жаңа кешен IHG компаниясы тобының мүшесі. Аталған нысанның тағы бір ерекшелігі, барлық ағын және қалдық сулар толығымен қайта өнделеді.
Қонақ үй елдің ірі қаласы – Дубайдың тыныш аудандарының бірінде салынбақ. Жобаны жүзеге асырушылардың негізгі мақсаты – максималды экологиялық таза қызмет көрсету.
Құрылыс жұмыстарымен айналысушы компанияның атқарушы директоры Фарис Саид қонақ үйдің қалалық электр желісіне қосылатынын айтты. «Бұл күн батареялары арқылы алынған қуат көзі артылған жағдайда, сол желі арқылы өзге нысандарға сату үшін керек. Мұндай тәжірибе электр энергиясының бағасын шамамен 25-30 пайызға арзандатады», – дейді Фарис Саид.
Бүгінде IHG тобына БАӘ-дегі 18 қонақ үй мүше. Алдағы 5 жылдың ішінде компания тағы осындай 10 қонақ үй ашуды жоспарлап отыр. Жалпы, Inter Continental Hotels Group франшизі бойынша әлемде 4 800 қонақ үй бар екенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: 24today.net.
Сурет: pozitiv-news.ru.
• 06 Мамыр, 2015
2017 жылы Дубайда 100 пайыз күн көзінен қуат алатын қонақ үй ашылады

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06