14 Ақпан, 2015

Елбасы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0000-nazarbaev_putin_1

АСТАНА. 14 ақпан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын реттеуге арналған Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады. Қазақстан Президенті нақ осы «норманд төрттігінің» жоғары деңгейдегі кездесуі, әсіресе Владимир Путиннің келіссөздер кезіндегі белсенді ұстанымы Минскіде келісімге жетуге септігін тигізгенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары қақтығысушы екі тараптың да оқ атуды белгіленген сағатта (2015 жылғы 15 ақпан, 00.00 сағат) тоқтату туралы уағдаластықты орындауы ерекше маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан мен Ресей Президенттері бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігер Украинадағы қақтығыс мәселесін шешуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін жеткізді. В.Путин сондай-ақ экономика саласындағы бірлескен жұмысты талқылау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей басшыларының Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға дайын екенін растады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.