Салтанатты рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Ұлттық армияның ел тәуелсіздігі мен тұтастығының тірегі екенін атап өтті. «Сіздер мінсіз қызметтеріңіз арқылы жас буынға патриоттықтың үлгісін көрсетесіздер, мұны мемлекет жоғары бағалайды. Наградаға ұсынылғандар қатарында Қарулы Күштермен бірге құқық қорғау саласы мен арнайы органдардың өкілдері де бар. Олардың негізгі қызметі – елдегі тыныштықты сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Президент бұл орайда.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар, жоғары әскери және арнайы атақтар тапсыру жыл сайын жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді. «Жаңа атақ алу, әсіресе, генералдық атақ алу – зор мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл – сіздерге, сіздердің тәлімгерлеріңіз бен қарамағыңыздағыларға, жақындарыңыз бен достарыңызға көрсетілген үлкен құрмет. Сіздер өмірде осы жолды таңдап, тоғыздан кешкі алтыға дейінгі жұмыс күнімен шектелмейтін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Отанға қызмет тәулік бойы қызмет ету деген ұғымды білдіреді. Халық алдындағы борышты өтеу үшін бар күш-жігерді жұмсау, қажет болса, өмірді де қию – бұл сіздердің жауапкершілікке толы міндеттеріңіз. Сондықтан, сіздерді бүгін берілген атақтарға лайық деп санаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осылай деп сөзін қорытындылаған Мемлекет басшысы жаңа әскери шенге ие болған және атақ алған азаматтарды тағы да мерекелерімен құттықтап, олардың Отанға лайықты қызмет ететініне сенім білдірді.
Бұл күні марапатталған әскери азаматтар Президенттің қолынан атақ алу үлкен мәртебе екенін және зор жауапкершілік жүктейтінін айтты. Сондай-ақ, Отанымызға және Қазақстан халқына қызмет ету үшін барлық ерік-жігерлері мен күш-қайраттарын жұмсайтындарына сендірді.
Ақордадағы салтанантты рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы О.Бижановқа берілді. Ал генерал-майор әскери атағы Қ.Ақтановқа, Т.Дәндібаевқа, А.Қаскелеңовке, Қ.Мыңжановқа, Қ.Садықовқа, М.Таласовқа, Р.Шпекбаевқа тапсырылды. Бұған қоса, авиация генерал-майоры әскери атағына Д.Қосанов, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атақтарына А.Ақшаев, А.Кенжебеков, С.Құрманалиев, Н.Мажилов, Н.Нұрсипатов лайық деп танылды.
Бұл күні полиция генерал-полковнигі арнайы атағы Қ.Қасымовқа, полиция генерал-лейтенанты арнайы атағы М.Демеуовке, полиция генерал-майоры арнайы атағы М.Аблазимовке, Ж.Бақтыбаевқа, Б.Бисенқұловқа, М.Қожаевқа, М.Ұрымхановқа табысталды. 3-сыныпты әділет мемлекеттік кеңесшісі сыныптық шені Н.Әбдіровке, М.Исадиловке, Ғ.Миразовқа, Б.Тайымбетовке, Т.Тәшімбаевқа, И.Тілеуғалиевке, Ғ.Тоғызбаевқа берілді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06