ОРАЛ. 15 ақпан. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қабижан Қапанов пен бас мемлекеттік экологиялық инспектор Ерлан Сапаровты қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 2010-2012 жылдары «ОралОйлЭндГаз» кәсіпорны бұрғылаған жерден «МұнайАвтоТранс» және «БатысТабиғат» ЖШС мұнай қалдықтарын тасығанын анықтады. Осы әрекеттері арқылы олар Зеленов ауданы аумағын ластаған. Соның салдарынан миллиард теңгеге таяу зиян келтірілген. Осы экологиялық қылмысты жасағаны үшін алғашқы аталған кәсіпорынның директоры Аслан Мұқанов сотталған. Алайда, оған кезінде экология департаменті ешқандай шара көрмеген.
Осыған ұқсас оқиғалардың бұдан кейін де бірнеше рет қайталанғаны белгілі болған. Әйтсе де экология департаменті жүрдім-бардым қараған. Содан кейін ауа мен қоршаған ортаны ластаушылар ойларына келгенін істеп, емін-еркін тайраңдай бастаған. Осындай «жалпақшешейліктің» салдарынан өткен жылы КПО б.в кенішінде 1,2 миллион текше метр көлеміндегі газды заңсыз жағудың 106 дерегі орын алған.
Тағы бір көзжұмбайлықтың сыры төмендегідей. Өткен 2014 жылы қарашаның аяқ кезінде Қарашығанақ кенішіне таяу орналасқан Березовка ауылы аумағында ауадағы күкіртсутегі мен бензолдың мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда көп болған. Оны «Ганг» аппараты анықтаған. Алайда, сол тұста осы күрт ауытқушылықты экологиялық мониторинг стансасы көрсетпеген. Сол күндері Березовка тұрғындарының жаппай уланғаны белгілі болған. Экология департаменті жетекшілері мұндай салғырттық орын алған оқиғаға байланысты қозғалған істі тергеу мен анықтауға кедергі келтірген.
Қысқасы, прокуратура органдары анықтаған деректерге сүйенсек, заңды тұлғалар қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізген. Атап айтқанда, миллирдтаған және милиондаған теңге шығын келтірген кәсіпорындардың қатарында КПО б.в шетелдік компаниясы, «ОралОйлЭндГаз», «МұнайАвтоТранс» және «БатысТабиғат» ЖШС бар. Әйтсе де, экология департаменті басшылары осы өрескел жәйттерге орай экологиялық аудит жүргізу туралы шешім қабылдамаған. Соның салдарынан жер қойнауын пайдаланушылардан бюджетке миллиардтаған теңге көлеміндегі салықтық төлемдер түспей қалған.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: krasproc.ru.
• 15 Ақпан, 2015
Батыс Қазақстанда экологиялық келеңсіздіктерге жол берілген

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13