Саясат • 24 Маусым, 2025

Қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға мән берді

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімше­лері тобының төрағасы Эльж­бета Франков-Яскевичті қабылдады.

Қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға мән берді

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қар­жыландыруға қарсы күрес сала­сындағы халықаралық ынты­мақ­т­ас­тықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһан­дағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.

Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіп­сіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше