ОРАЛ. 15 ақпан. Орал әуежайнының ұшу-қону жолағы жөніндегі түйіткілдер әлі шешілмей келеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыдан төрт айға жуық уақыт бұрын Орал әуежайының ұшу-қону жолағына жүргізілген күрделі жөндеуден кейін мұнда ұшу кестесі қайтадан қалпына келтірілген еді. Алайда, осы қысқа уақыт аралығында жолақта жарықтар мен жырықтардың және ойықтардың пайда болғаны анықталып отыр. Әуежайдың бас инженері Шамиль Хисмутдинов бұл жағымсыз көріністі жөндеудің сапасыз жүргізілгенімен байланыстырады.
Осы мәселеге байланысты Оралға Инвестиция және даму министірлігіне қарасты азаматтық авиация комитеті мен «КАЗайропром» АҚ ғылыми жобалау институтының мамандарынан құралған комиссия келген болатын. Солардың бірі, әуежай бөлімінің бастығы Татьяна Ахтямова ұшу-қону жолағы қанағаттанарлық жағдайда, сондықтан оны пайдалана беруге болады деп есептейді. «Пайда болған қуыстар ұшақтың қауіпсіздігіне кедергі келтіре алмайды», – дейді ол.
Сондай-ақ мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың мәлімдеуінше, аяғына дейін жеткізілмей қалған жіктерді қалпына келтіру аса қиын шаруа емес. Тіпті, оны қазіргі ақпанның аязды күндерінің өзінде қалпына келтіруге болады. Тек жарықтарды жабу үшін арнаулы қоспаны пайдалану керек екен. Олардың айтуынша, тиісті нормативтер шеңберіндегі жұмыстарды атқару кезінде әуежайды жабудың қажеті жоқ. Оны рейстердің арасындағы уақыт ішінде аяқтауға болады.
Қысқасы, аталған комиссия Орал әуежайының ұшу-қону жолағында пайда болған тесіктер мен қуыстарды бұған дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «К-Дорстрой» АҚ мердігерлік ұйымының есебінен қалпына келтіру жөнінде шешім алды. Бұл үшін әуежайды жабудың немесе рейстерді шектеудің қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде ұйғарым жасалды. Бұл арада тиісті заңдылықтар бойынша соңғы жауапкерішілікті әуежай жетекшілері арқалайтынын айта кеткен жөн.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: forbes.kz.
• 15 Ақпан, 2015
Орал әуежайындағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13