22 Маусым, 2015

Павлодарда полицей табельдік қаруы үшін өлтірілді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-06-15-politsia-1

АСТАНА. 22 маусым. Павлодарда полицейді табельдік қаруы үшін өлтірілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Осы оқиғаға қатысты күдікті көп ұзамай ұсталды. Ұстау барысында оның кісі өлтірген пышағы, қан тиген киімін тәркіленді. Ол Жамбыл облысының 1982 жылғы тумасы болып шықты. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Марат Қожаевтың баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, күдікті өз кінәсін мойындаған. Ол өзінің бұл әрекетін полицейдің табельдік қаруын алғысы келгендігімен түсіндірген. Күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғындардың көмектескен. Видеобақылау камераларында бекініс бекетінен бір адамның қашып бара жатқанын көрінеді. Тексеріс кезінде күдіктінің қашып кірген пәтері анықталды. Бұл пәтерде оның туыстары тұрып жатқан, олар өз кезегінде күдіктінің пәтерге жүгіріп кіргенін және киімін ауыстырып, қайта кеткенін айтып берді. Туыстары полицияға көмек көрсетті. Қожаев бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді. Облыстық ішкі істери департаменті басшысының айтуынша, күдікті полицияның бекініс бекетіне келіп, тәртіп сақшысының кеудесіне мен мойнына бірнеше рет пышақ салған. Өлген полицейдің табельдік қаруы болмаған. Сонымен қатар, кезекшілікте екі адамның болатыны, алайда, оқиға болған күні олардың бірінің шақыртуға кетіп қалғаны анықталды. Қаза болған адам Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының орталық бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Арли Харли Нехарович, 1985 жылы туған. 2009 жылдан бері полиция қызметкері. Оның соңында бір қызы қалды. Талғат Райымбек. Дерек: Tengrinews.kz.