АСТАНА. 16 ақпан. Еліміз «Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Оман» халықаралық транзиттік-көліктік дәлізіне қосылды. Бұдан еліміздің транзиттік әлеуеті тағы әлденеше артқанын көреміз. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Иран астанасы – Тегеранда «Ашхабад келісіміне» қатысушы Оман Сұлтанаты мен Иран, Түрікменстан, Өзбекстан республикалары өкілдерінің үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан делегациясын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті бастап барды. Отырыста Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс ірі халықаралық көлік дәліздерінің өтетіндігін баяндалды. Еліміздің географиялық қолайлы орналасуы мен Еуразиялық құрлықтағы мүмкіндігі паш етілді. Қазақстанның стратегиялық даму бастамашылығында елді көлік-логистикалық хабқа айналдыру мен транзиттік әлеуетін арттыра түсудің маңызы зор. Сондықтан, Қазақстан ғаламдық еуразиялық көлік жүйесін дамытуға мол үлес қосып келеді.
Қытай экономикасының дамуына орай жүк ағындарын Орта Азия, Иран және Парсы шығанағы елдеріне бағыттау, бұрынғы дәстүрлі теңіз жолынан құрғақ жер арқылы трансқұрлықтық бағдарға бұру қолайлы екені байқалып отыр. Осыны меңзеген Асқар Мамин өз сөзінде, Қазақстанның Ашхабад келісіміне қатысушы елдермен қосыла отырып, қосымша жүк ағындарын тарту әлеуетінің молдығын атап көрсетті. Мәселен, Ашхабад келісіміне қатысушы елдердің арасындағы теміржол көлігі арқылы былтыр жүк айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 млн. тоннаға артып, 10 пайызға өскен. Барлығы 25 млн. тонна жүкті құраған. Оның 41 пайызын осы елдерге Қазақстан аумағы арқылы өткен транзиттік экспорттық жүктер құрапты.
Бұйыртса, 2020 жылға қарай Ашхабад келісіміне қатысушы елдер мен Қазақстан арқылы өтетін жүктер жылына 40 млн. тоннаға жеткізілуі мүмкін. Осыны нығарлаған делегация басшысы Қазақстанның «Ашхабад келісіміне» қатысушы елдермен халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді бірлесіп пайдаланудан көп үміт күтіп отырғандығын жасырмады. Өз кезегінде, мүдделес елдердің өкілдері Қазақстанның халықаралық транзиттік көліктік дәлізді одан әрі дамытуға қосылуын құптады.
Нұрбай Елмұратов.
Дерек: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13