АСТАНА. 16 ақпан. «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын жариялады. Ол бойынша игі істер басталып та кетті. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы айдың 11 күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырды. Сөйтіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», деген болатын Елбасы.
Президент үндеуінен кейін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділері бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастап кетті. Қоғамдық ұйымның акция өткізу туралы ұсынысын алғашқылардың бірі болып «А2» супермаркеттер желісі қолдап, дүкендерінің бірінде «Қазақстанда жасалған» акциясы бастау алды. Нәтижесінде, өндірушілердің өнімдері орналасқан сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар қойылды. Бұл қазақстандық өнімді ерекшелеп, сатып алушылар үшін тартымдылығын арттырады.
– Жылдар бойы еліміз мені және мен сияқты мыңдаған қазақстандықтарды қолдап келді. Жоғары білім алып, біліктілігімізге сай көңілге қонымды жұмыс таптық, отбасын құрып, қуанышқа бөлендік. Қазақстанымызға, елімізге қолдау көрсететін кезек ендігі де бізге келіп отыр. Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз, деді «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.
Бүгінде белсенділер еліміздегі барлық ірі сауда желілерімен келіссөздер жүргізуде. «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар белгілерді бүкіл қазақстандықтар жуық арада көреді деген сенімдеміз.
Нұрбай Елмұратов.
Дерек: «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.
Сурет: «ҚазАқпарат».

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10