07 Мамыр, 2015

Қош келдіңіздер, қонақтар!

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана өңірлерден әскери парадқа шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін салтанатты түрде қарсы алуда. 06.05.2015 Astana-6 8 6 Қазақстанның түрлі өңірлерінен Астанаға Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен құралған делегация келіп жатыр. Кеше таңертең елордаға темір жол және авиакөліктермен Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан ардагерлер келді. Бұдан кейін Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан ҰОС қатысушылар келіп жетті. «Қаншама жылдар өтсе де Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есінде сұрапыл соғыс жылдарының естеліктері мәңгі қалды. Біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге келдік. Жастардың жүз мыңдаған адамның қанымен келген жеңісті, бейбітшілікті көзінің қарашығындай сақтап, бағалайтынын көру – бір ғанибет», – деді Атырау облысынан келген майдангер Өтеп Нұриев. Әскери парадқа және мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Қазақстанның 14 облысы мен Алматы қаласынан жалпы саны 244 ардагер, сондай-ақ, Астанада тұратын 16 майдангер шақырылды. 7 мамыр күнгі әскери парадтан кейін қонақтар салтанатты қарсы алу рәсіміне, «Қазақстан» мен «Астана опера» орталықтарындағы мерекелік концерттерге қатысады. «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені мен «Әзірет Сұлтан» мешітінде болады. Амангелді ҚИЯС, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар