Спорт • 01 Шілде, 2025

Уимблдон: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп жазады Egemen.kz.

Уимблдон: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

Жарыстың 28-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы ойынын әлемдік рейтингіде 55-орында тұрған испаниялық Хауме Муньярмен өткізді.

Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда Муньяр 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ — 6:4.

Екіншісінде есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасай білді — 6:3.

Үшінші сетте испаниялық теннисші 3:1 есебімен алға кеткенімен, Бублик алысқа ұзатпады — 3:3. Содан кейін тағы бір брейк жасап, өз геймін де алды — 6:4.

Төртінші партияда есеп 1:1 болғанда, қазақстандық спортшы брейкке қол жеткізді. Алайда есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Тай-брейкте Муньярдың асығы алшысынан түсті — 7:6 (7:5).

Шешуші, бесінші сетте Муньяр жеңісті жұлып алды — 6:2.

Үш сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Бублик 21 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тек бесеуін жүзеге асырды. Муньяр 8 эйс, 6 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Х.Муньяр үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 58-ракеткасы, мажарстандық Фабиан Марожанмен таласады. Ол алғашқы айналымда рейтингіде 181-сатыдағы аустралиялық Джеймс Маккейбті жолдан тайдырды — 6:1, 6:4, 6:3.

Өткен жылы А.Бублик Уимблдонда үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35