АСТАНА. 7 мамыр. Кеше түнде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бәсекесінің екінші ойыны өтті. «Барселона» өз алаңында «Баварияны» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын тең дәрежеде өрбіді. Допқа иелік ету көрсеткіші бойынша қонақтар басым болды (52% – 48%). Алайда, қақпаға соққы бағыттау бойынша «Барселона» алда болды (17 – 8).
Матчтағы алғашқы гол 77-минутта соғылды. Дани Алвестен пас алған Лионель Месси есеп ашып, Чемпиондар лигасындағы кезекті голын соқты. Арада 3 минут өткенде аргентиналық шабуылшы екінші мәрте мергендігімен көзге түсті. Ал төреші қосқан қосымша уақытта Месси бразилиялық шабуылшы Неймарға нәтижелі пас шығарып берді.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 12 мамырда Мюнхенде өтеді. Жартылай финалдың екінші жұбы «Ювентус» (Турин) пен «Реал» (Мадрид) арасындағы ойында, италиялықтар 2:1 есебімен жеңгенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: championat.com.
«Барселона» (Барселона, Испания) – «Бавария» (Мюнхен, Германия) 3:0 (0:0)
6 мамыр. Барселона. «Камп Ноу» стадионы. 99 354 көрермен.
Төреші: Никола Риццоли (Италия).
«Барселона»: Марк-Андре тер Штеген, Дани Алвес, Хорди Альба, Херард Пике, Хавьер Маскерано (Марк Бартра 89), Серхио Бускетс, Иван Ракитич (Хави 82), Андрес Иньеста (Рафинья 87), Луис Суарес, Лионель Месси, Неймар.
«Бавария»: Мануэль Нойер, Рафинья, Жером Боатенг, Мехди Бенатиа, Филипп Лам, Хуан Бернат, Хаби Алонсо, Бастиан Швайнштайгер, Тьяго Алькантара, Томас Мюллер (Марио Гетце 79), Роберт Левандовски.
Голдар: Лионель Месси 77, 80, Неймар 90+4.
Ескертулер: Дани Алвес 46, Херард Пике 66, Неймар 69 – Хаби Алонсо 35, Мехди Бенатиа 52, Хуан Бернат 56
• 07 Мамыр, 2015
Чемпиондар лигасы. «Барселона» «Бавариядан» басым түсті

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45