07 Мамыр, 2015

Астанада әскери парад өтті (фото)

680 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
07.05.2015 AstanaАСТАНА. 7 мамыр. Бүгін астанадағы «Қазақ елі» монументі  алаңында Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 07.05.2015 Astana-1Бұл парад өткен жылдардағы шерулерге қарағанда көрнекі, қатысушылар саны жағынан ең ауқымды болды. Оған еліміз Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен әскери техниканың рекордтық саны тартылды. 07.05.2015 Astana-2Парадқа 5 000-ға жуық әскери қызметші, 200 бірлік шамасында қару-жарақ пен әскери техника, әскери авиацияның 70 бірлік ұшағы мен тікұшағы қатысты. Қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен қатар Ұлы Отан соғысы уақытындағы армия мен қару-жарақ түрлері көрсетілді. Осы орайда ту ұстаушы топтардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы мен осыдан 70 жыл бұрын отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның жауынгер досы Григорий Булатовтың Рейхстагқа тіккен туының дәл көшірмесі – Жеңістің қызыл туын алаңға алып шығу ерекше рәсім болып ұсынылды. 07.05.2015 Astana-3Жаяу тізбектер шеруін армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің барабаншылар ротасы ашты. Олардың соңына ілесе Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери киім үлгісіндегі үш парадтық топ жүріп өтті. Бірінші топ Ұлы Отан соғысы кезінде құрамында біздің жерлестеріміз соғысқан 72 гвардиялық атқыштар дивизиясы  жауынгерлік туының көшірмесін ұстап өтті. 07.05.2015 Astana-4Салтанатты сапты Қорғаныс министрлігінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің офицерлерінен құралған парадтық топтар жалғастырды. Парад көрермендері Аэроұтқыр әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлерінің, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы, әскери қызметші қыз-келіншектерден құралған роталарды, әскери полиция ротасын және басқаларды көрді. 07.05.2015 Astana-6Тарихи бөлімдегі әскери техниканың тізбегін өздігінен жүріп өткен Т-34 танкі бастады. Сонымен бірге тарихи бөлімде парадтық тізбектің құрамында ЗиЛ-157 сүйреткен ЗИС-2 зеңбіректері және М-30 гаубицалары, аты аңызға айналған БМ13 РС-30 «Катюша», танымал «Максим» пулеметі, РПД (Дегтярев қол пулеметі), ППШ (Шпагин тапанша-пулеметі) өтті. 07.05.2015 Astana-5Парадтың заманауи бөлімінде әскери техниканы басқарылатын қарумен жарақтандырылған Т-72Б танкі бастады. Сонымен бірге алаңда танктерді қолдау жауынгерлік машиналары, соңғы жылдары қазақстандық армияның сапына алынған әкелінген жауынгерлік машиналар, «Солнцепек», жаяу әскер жауынгерлік машиналары, БТР-82 бронетранспортерлері, Д-30, «МСТА» гаубицалары, КамАЗ автокөліктері, «Тигр» броньды көліктері, «Кобра» жауынгерлік барлау көліктері және басқа да заманауаи әскери техника өтті. 07.05.2015 Astana-9Парадта авиа-шоудың орны ерекше маңызға ие болды. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары. 07.05.2015 Astana-8Бұдан басқа парадқа ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысты. 07.05.2015 Astana-7Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетті. Авиаторлар Ұлы Жеңістің мерейтойын білдіретін «70» санын әуеде бейнелеп барша көрермендерге сый жасады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі