07 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда Бәйкен Әшімовке ескерткіш орнатылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.05.2015 SKOПЕТРОПАВЛ. 6 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Жәлел Қизатов атындағы ауылшаруашылық колледжінде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовке   мемориалдық ескерткіш қойылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Бәйкен Әшімұлы 1935-1938 жылдары аралығында осындағы Ленин ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. Кейін Ленинград қолданбалы зоология институтын, жоғары партия мектебін бітірген.1942-45 жылдары ұлы отан соғысына қатысып,отты жылдардың ащы дәмін татқан.  Майданнан оралғаннан кейін Айыртау, Зеренді аудандарында, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған облыстарында партия комитеттерін басқарған.  Министрлер кеңесінің, жоғарғы кеңес президиумының төрағасы болды. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыздың бастамаларын қызу қолдап, маңызды оқиғалардың басы-қасында жүрді. 06.05.2015 SKO-1Мемориалдық ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков, Қазақстанның  Еңбек Ері Геннадий Зенченко, ақын Мүталлап Қанғожин, марқұмның ұлы, СҚМУ-нің ректоры Оңдасын Әшімов сөйлеп, өмірі тұтас бір дәуірді қамтыған, әрқашан халқының, елінің иығына түскен сынақтардың алдыңғы қатарында болған танымал тұлға  жайлы естеліктер айтты. Адамгершілік қасиеттері, білімі мен даналығының арқасында Бәйкен Әшімовты «ұлы қазақ даласының ақсақалы», деп атап кеткен. Айтулы шарадан соң меймандар колледждің мұражайын аралап, мемлекет, қоғам қайраткері жайлы жәдігерлермен танысты. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.