Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) және «Банк ВТБ» ААҚ өздерінің табысты ынтымақтастығын кеңейтуде. XIX Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында ERG S.a.r.l. менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен «Банк ВТБ» ААҚ президентінің бірінші орынбасары, басқарма төрағасы Юрий Соловьев өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Тараптар өзара тиімді ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізді. Бұл екі тараптардың бір-біріне жоғары сенімі мен соңғы жылдарда бірге жүргізген жұмыстармен қанағаттанудың арқасында мүмкін болды.
Құжаттың негізгі тармақтарының бірі ERG мiндеттемелерi бойынша төлем кестесін 2021 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі болып табылады. Тараптар осы мәселені қарауды бүгіннен бастап екі ай ішінде аяқтауға ниеттенуде. ERG табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі, инвестициялық және қаржылық қызмет саласында қаржылық және консультациялық қызметтердің кең ауқымдағы жаңа технологияларымен өзін өзі қамтамасыз етуге қабілетті. «Банк ВТБ» ААҚ ERG Тобына жаңа өнімдер мен одан әрі жедел қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған технологияларды жедел ұсынуға дайын екендігін білдірді.
Александр Машкевич атап өткендей:
– Банк ВТБ Eurasian Resources Group компаниясының бұрыннан бері стратегиялық әріптесі. Бұл құжатқа қол қою – біздің өзара тиімді және әсерлі ынтымақтастығымыздың дәлелі. Келісімдер ERG даму стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруға және әлемдік нарықтарда құбылмалылық кезеңді табысты етуге мүмкіндік береді. ERG Group үнемі өз ұстанымдарын нығайту үшін жұмыс істейді және жоспарланған қадам, сөзсіз, біздің барлық мүдделі тараптарымызға жақсы жаңалық болады.
Ал бұл орайда Юрий Соловьев былай деді:
– Тау-кен секторының компанияларымен жұмыс істеу ВТБ үшін басты басымдықтарының бірі. Бүгінгі келісім ERG Тобымен жұмысымыздың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Біз өзара қарым-қатынастарымызды жақсы мағынада қайта құрылымдаймыз, сонымен бірге, оларды ұзарту арқылы жұмыс істейміз. Мен ВТБ-мен ERG тығыз ынтымақтастығы арқылы, оның нарығындағы көшбасшылардың бірі болып қалуға мүмкіндік береді деп сенемін.
«Егемен-ақпарат».