Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында палатаның 25 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенаторлар бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялауды жоспарлады. Атап айтқанда, олар Каспий теңізінің түбін Қазақстан мен Түрікменстан арасында бөлу туралы келісімді, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы үкіметаралық келісімді, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері инженерлік әскерлерінің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы құжаттар болатын.
Депутаттар отырыста Азаматтық процестік кодексінің жобасын және заңнамаға азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Сондай-ақ, бірқатар заңнамалық актілерге меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарауды жоспарлады.
Одан басқа, заңнамаға мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) және «Өсімдіктер карантині туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары сенаторлардың қарауына ұсынылады.
Бас комитеттердің төрағалары заң жобаларының Сенат отырысына дайындығы туралы баяндады.
Бюро мүшелері Сенаттың 2015 жылға арналған Негізгі іс-шараларының жоспарына өзгерістерді де бекітті. Атап айтқанда, палата Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы «Қорғас» автомобиль өткізу бекетінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және Қорғас өзеніндегі «Достық» су жүйесін бірлесе пайдалану жөніндегі мәселелерді талқылау үшін Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің биылғы IV тоқсанда Алматы облысына көшпелі отырысын өткізуді жоспарлап отыр.
Бюро отырысында Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің атынан депутат Елеусін Сағындықовқа «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалін табыс етті.

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше