20 Наурыз, 2015

«Қашаған» құбырын ауыстыру басталады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Каспий теңізінің қазақ­стандық секторындағы «Қаша­ған» кенішінен тартылған құбырлар жақын арада ауыс­тырыла бастайды. Бұл туралы  NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев мәлім етті. «Қашаған» кенішінен мұнай алу үдерісі тоқтап тұр. Оған кен орнынан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайын­дау қондырғысына дейін тартылған құбырдағы ақаулардың анықталуы  себеп болған еді. Содан кейін кен орны мен кешенді қондырғы арасын жалғаған құбырды ­ауыстыру мәселесі қозғалып келеді. «Құбырларды ауыстыру Каспий мұзы еріген кезде бастау көзделіп отыр. Бастапқыда кен орнын  «Бола­шақ» қондырғысымен байланыстыратын құбырлар төселеді. Экологтар талабымен балықтардың уылдырық шашуына байланысты мау­сым­ға дейін теңіз операцияларын жүргізуге тыйым салынды. Тыйым алынғаннан кейін теңіздегі учаскелерде құбыр­ларды төсеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды 2016 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланды», деді Атырауда өткен «Мұнай-газ құрылысы мен инжиниринг» конференциясына қатысқан NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.