20 Наурыз, 2015

Биліктің беделі төмендемеуі тиіс

633 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кожабаев максат«Бізге Мемлекеттік қызмет тура­лы жаңа заң­ды әзірлеу, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы Заң­ға өзгерістер енгізу қажет болады. Мемлекетке қызмет ету біздің қоға­мымыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет эт­нос­тық қа­тыстылығына қарамастан, меритократия қағидаттары негізінде өзін өзі көрсетуге бір­дей мүмкіндіктер беретін әді­летті қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналуы керек». Елбасы Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде барлық деңгейдегі мем­лекеттік қызметкерлерді толық ат­тес­­тациядан өткізіп, меритократия қағидаттарын қорғау мен жемқорлыққа жол бермеудің жүйесін қалыптастыру керек екенін баса айтты. Шынында сыбайлас жем­қорлық мем­лекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмен­де­­тіп, қо­ғам­да демократиялық қайта құ­ру­­ларды жүзеге асыруды­ тежейтіні, елдің халықаралық беде­ліне көлеңке түсіретіні белгілі. Халық­аралық тәжі­рибеге келсек, мемлекеттік қыз­мет және сыбайлас жем­­қорлық бір-бірімен мүлде сый­ыспай­тын тү­сініктер. Өкі­ніш­ке қарай арамызда мұны түсінбей жүрген азаматтар да жоқ емес. Солардың сыбайлас жем­қорлық іс-әрекеттерінің салдарынан түрлі игі­ліктер заңсыз алынып, нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді. Осы бағытта арнайы заңдылық актілерді қабылдау, жауапкершілікті қатаңдату, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасауға мүмкіндік көздерін барынша азайту сияқты іс-шаралар жүйесі жасалынып жатыр. Елбасы Н. Назарбаевтың мем­ле­кеттік қызметшілерді то­лық аттестациядан өткізу мә­се­лесі мемлекеттік билік аппаратындағы біліктілігі төмен қызметкерлерді анықтап, кадр сапасын жақсартуға оң септігін тигізуге мүм­кіндік береді. Ме­ри­тократия қа­ғи­­даттарын қолдану арқылы мем­ле­­кеттік қызметшілердің қатары бә­се­кеге қабілетті, басқарушылық ой­­лауға дағдыланған мамандар­мен­ толықтырылады. Яғни, ел­ тұр­ғындарына сапалы қыз­мет­ ұсы­ны­лып, мемлекеттік қыз­мет­те кәсіби білікті, өз ісі­не асқан жауап­кершілікпен қа­­райтын адал азаматтар жұмыс іс­тейтін болады. Сонымен қатар, шенеуніктермен мем­лекеттік қызмет алушылардың қарым-қатынасын азайту үшін, халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызмет­тердің үлесін арттыру және бір­қа­тар құжаттарды электронды портал арқылы алу мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылатын болады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді тетігі – қоғамдық ба­­қылау. Мем­лекеттің сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатының тиім­ділігі, бірінші кезекте, сот төрелігінің мінсіз жүйесін қамтамасыз етуге байланысты. Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот төре­лі­гінің сапасын жақсарту үшін сот қызметіндегі сыбайлас жем­қорлықты болдырмау, оның ішінде судьялыққа үміткер тұл­ғаларға қойылатын талап­тарды қатаңдату арқылы жүзеге асы­рылатын болады. Бұл жө­нінде Елбасы «Нұр Отан» партия­сының соң­ғы съезінде өте өткір айтты. Мемлекет пен қоғамның ты­ғыз серік­тестігі ғана сыбай­лас­ жемқорлыққа табыс­ты қарсы тұ­руға мүмкіндік бе­ре­ді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже беретіні сөзсіз. Сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы мәдениетті қалыптастыруда өс­келең ұрпақ­пен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас­ жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу, бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбы­лыс ретінде сезіну және қабыл­дамау – қоғамымыздың сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі болуы ти­іс.­ Коррупциямен күрес бағы­тындағы ең маңызды мәселе – жем­қорлықтың алдын алу. Бұл жұмыстың неден құралып, оның нәтижесінің қандай болатынын жете түсіне отырып, қай бағытта жұмыс жүргізетінімізді білуіміз қажет. Елбасының бұл салаға тың серпін беруі және бірлескен жұ­мыстарымыздың бағыты жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің жағ­дайын қалыптастырады деп сенемін. Сондай-ақ, Елбасының «Нұр­лы Жол»­ Жолдауы мемлекет пен қоғамның стра­тегиялық дамуының бағдаршамы әрі бұл жан-жақты ойластырылған нақты іс-әре­кеттер жос­пары болып табылады. Же­тістігімізді саралап, келешегімізді бағ­дар­лауға, ең бастысы баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқын­дауымызға бағытталады. Қа­жыр­лы еңбекті қажет ететін, ке­ле­шегі кемел Нұрлы Жолда бір­лігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мақсат ҚОЖАБАЕВ,  Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы. Жамбыл облысы.