Букингем сарайында Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов патшайым Елизавета ІІ-ге Сенім грамотасын тапсырды.
Рәсім кезінде елші Е.Қазыханов Ұлы Мәртебеліге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сәлемін жеткізді.
Сұхбат барысында Қазақстан елшісі екіжақты саяси, экономикалық, білім беру және мәдени қарым-қатынастардың дамуының жоғары қарқынын атап өтті. Бұған көбінесе Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластықтар септігін тигізуде.
Өз кезегінде, патшайым Елизавета ІІ екі ел арасындағы байланыстарды нығайтудың және кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Ол Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.
Патшайым Е. Қазыхановты жауапты миссиясымен құттықтап, оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
«Егемен-ақпарат».