Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті

Балаларға онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері туралы айтылып, киберқылмыскерлердің құрбанына айналмаудың практикалық жолдары түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді: құпиялылықты дұрыс баптау, жеке деректерді таратпау, бейтаныс адамдармен хат жазыспау және онлайн қарым-қатынаста сақ болу қажеттігі ескертіледі.

Кездесудің жеке бір бөлігі интернет-буллинг мәселесіне арналды. Өйткені желідегі қорқыту мен кемсіту шынайы өмірдегідей қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай жағдайды жасырып қалмай, міндетті түрде ересектерге, ата-анаға немесе мұғалімге айту маңызды. Ал егер жағдай күрделі сипат алса, дереу полицияға «102» нөмірі арқылы хабарласу қажет.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздік – әрбір адамның жауапкершілігі. Уақтылы алынған білім балаларға виртуалды кеңістікте өздерін сенімді әрі қорғалған сезінуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50