ҚАРАҒАНДЫ. 23 маусым. Осы айдың басында Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында белгісіз біреу полиция қызметкерін пышақтап өлтірген болатын. Жақында жедел іздестіру шараларының арқасында күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сәтбаев қаласының полиция қызметкерлері үшін әріптестерін өлтірген қылмыскерді іздеп табу намыстың шаруасы еді. Екі апта бойы төңіректі түгел сүзген іздеу шарасы сәтті аяқталып, күдікті қолға түсті.
Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған ол Сәтбаев қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған азамат полиция қызметкерін екеуінің арасында орын алған кикілжің үшін өлтіргенін мойындады. Күдікті 46 жастағы жол-патруль полициясы қызметкерінің үйіне терезе арқылы түсіп, бірнеше жерінен пышақ салған.
Елді елең еткізген осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: diapazon.kz.
• 23 Маусым, 2015
Қарағанды облысында полицейді өлтірген күдікті ұсталды

2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше