18 Ақпан, 2015

Іс қарау артып келеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Біз сот төрелігін жүзеге асы­рудың сапасын жақсартумен ғана шектелмей, сот отырыстарының жариялылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет. Ең басты міндетіміз – өз арамызда жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізіп, арамыздағы кәсіби шеберлігі төмен, адамгершілік-моралдық бейнесі күмәнді адамдардан арылту» деп мәлім етті сот органдарындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралаған кеңесте Атырау облыстық сотының төр­ағасы Мұхтар Смағұлов. Төрағаның мәлім етуінше, былтыр өңір соттарында 27175 іс қаралыпты. Оның ішінде 1995-тен астамы азаматтық, 1507 қылмыстық, 23673-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық істері бар екен. Судья медиаторлардың қарауына 706 іс берілген. Сот шешімдерін шығарған кезде бас бостандығынан айырмай жаза тағайындаудың үлес салмағы көбейе түсуде. 9 адамға қатысты ақтау үкімі шығарылған. – Сонымен бірге, былтырғы жыл­дың шілдесінен бері қол­дарында цифрлы электронды қолтаң­балары бар азаматтарға «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарын, сот отырыстарының хаттамалары мен хаттамаларға ескертулерді, ұсыныстарын жіберуге, электронды көшір­мелерді алуға мүмкіндік туды. Осы жоба аясында, яғни «Сот кабинеті» арқылы 2442 электронды талап арыз, 9 хаттамаға ескерту, 902 хаттаманың көшірмесін алуға өтініш, 56 электронды шағым секілді барлығы 30409 өтініш келіп түсті, – деді облыстық соттың төрағасы. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.