Өткенді танымай, болашаққа жол бастау мүмкін емес. Ел ертеңі үшін ерінбей еңбек еткен кешегі ерлердің, бүгінгі дана қарттарымыздың есімін жас ұрпақ еш ұмытпауға тиіс. Осыдан біраз жыл бұрын құрылған «Ақылдастар» деп аталатын Семейдегі ардагер-ақсақалдардың қоғамдық ұйымы бүгінде өздерінің атқарған жұмыстарымен қалың көпшілікке, әсіресе, жастар қауымына үлгі болып келеді. Шынын айту керек, Кеңес Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздік алған жылдары, әсіресе қалаға үдере көшкен ауыл тұрғындарының арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері көп болды. Сол шақта қалаға келген ардагерлер қауымының не істейміз, әлеуметтік жағдайымызды қалай шешеміз деп біраз қиналып қалғаны да жасырын емес.
– Осыдан кейін қоғамнан тысқары қалғанды жөн көрмей, «Ақылдастар» деп аталатын ауыл ардагерлерінің бірлестігін құрдық, – дейді бірлестік төрағасы, ардагер ақсақал Сағындық Бейсенбаев. – Бүгінде заңды түрде тіркелген қоғамдық бірлестігіміздің 120-дан астам тұрақты мүшесі бар. «Ақылдастардың» бір мүшесі Жарма ауданының тумасы, ардагер-журналист Мәуітқазы Зүкеновті қоғамға көп еңбек сіңіргені үшін арнайы мақтау қағазбен марапаттадық. Бір сөзбен айтқанда, «Ақылдастарда» қаламызға облысымыздың барлық жерінен келген ардагерлер қамтылған. Қала, ел өміріндегі оқиғалардан сырт қалып отырған жоқпыз. Жас ұрпақты отансүйгіштік сезімге баулу, ұлттар арасында достық пен бірлікке дәнекер болу, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, мемлекеттік тілді дамытуға қолымыздан келгенше жәрдемдесу және тағы басқа мәселелер басты назарымызда. Соны ескерген болар, қалалық әкімдік бірлестікті қызмет кабинетімен қамтамасыз етті. Оның сыртында бірлестіктің 12 белсенді мүшесін Тәуелсіздік мерекесіне орай облыс әкімі мерекелік медальмен марапаттады. Соның бәрі қосыла келгенде көңілімізді көтеріп, өмірге құш-тарлығымызды арттыра түсуде.
«Ақылдастар» мүшелері еліміздің қоғамдық өмірінен де сырт қалып көрген емес. Енді, міне, оның мүшелері 26 сәуірде өтетін президенттік сайлауға бір кісідей қатысатындықтарын айтып отыр және барша қазақстандықтарды ел өмірі үшін маңызды осы саяси үдеріске жұмыла қатысуға шақырады.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист.
СЕМЕЙ.
Суретте: С.Бейсенбаев.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27