Ақтөбе қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз – Қазақстан халқымыз» атты республикалық акциясы аясында форум өткізілді.
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарушы хатшылығының мұрындық болуымен, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және этномәдени бірлестіктермен бірлесе отырып ұйымдастырған бұл шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің, «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің, «Ару ана» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің, жастар қанатының мүшелері қатысты. Қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген әйелдердің алқалы жиынын Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Асссамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин қысқаша сөз сөйлеп ашып, алда болатын кезектен тыс президенттік сайлаудың маңызына тоқталды. Ол жиналғандарға 26 сәуірге тағайындалған сайлау туралы жан-жақты әңгімелеп, сайлау үдерісінің бүгінгі барысынан хабардар етті.
Ол өз сөзінде ананың жүрегі әрқашанда өз елінің табысы мен қиыншылығын елден ерекше сезетінін айта келіп, барлық өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан аналар кеңестері құрылғанын атап өтті. Әйелдердің отбасының ажары ғана емес, қоғамдық өмірдің де қуатты күші екенін еске салды. Аналардың рухани және тәрбиелік рөлі, отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту арқылы қоғамдық келісімді нығайтуға баға жеткісіз үлес қосып отырғанына тоқталды. Елімізде өткелі жатқан кезектен тыс президенттік сайлауда да ақ жаулықты аналарымыз бен көрікті қыз-келіншектеріміздің ұйымшылдық пен бірліктің ұйытқысы болатынына сенім артты.
Одан кейін сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбеков, украиндардың жексенбілік мектебінің оқытушысы Сталина Балюра, «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басқарма мүшесі Рамзия Есембаева және басқалары еліміздегі ұлтаралық татулық пен достықтың тұғыры беріктігін тілге тиек етті, алда болатын сайлаудың ұйымшылдықпен өтуіне атсалысатындықтарын жеткізді.
Форумға қатысушылар өңір әйелдеріне арнап үндеу қабылдады. Онда елімізде, отбасындағы тұрақтылық пен табыстың, балалар мен Қазақстан халқының жарқын болашағы аналарға аса қымбат екені атап көрсетіліп, алда болатын Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына барша қазақстандықтарды бір кісідей ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18