Ғалам ғажаптары • 04 Қыркүйек, 2025

Тіс күтіміндегі жаңалық

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«King’s College London» ғалым­дары тіс күтімінде үлкен жаңа­лық ашты. Олар шаш, тері мен жүнде кездесетін кератин ақуызы тіс эмалін табиғи түрде қал­пына келтіре алатынын дәлелдеді.

Тіс күтіміндегі жаңалық

Бұған дейін эмальді қорғауға фтор қолданылып келсе, жаңа зерттеу кера­тиннің одан да тиімді екенін көрсетті. Бұл технологияны болашақта күнделікті тіс пастасының құрамына қосуға болады. Ал күрделі жағ­дайларда дәрігерлер оны арнайы гель түрінде қолданады. Зерттеушілер алғаш­қы өнімді қой жүні­нен алынған кера­тин арқылы жасап көрді. Бұл әдіс эко­ло­гияға да пайдалы, яғни қалдықты тиімді пай­да­лануға мүмкін­дік береді әрі фермерлер үшін қосымша ­табыс көзі болмақ. Кера­тин  тісті қорғап қана қоймай, табиғи эмальді қайта қалпына келтіреді.

 

Соңғы жаңалықтар

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00