18 Ақпан, 2015

Хакерлер 100 банктен 1 млрд. доллар ұрлап алған

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-02-15-haker-1

АСТАНА. 18 ақпан. Хакерлер 1 млрд. долларға жуық қаржыны банктерден ұрлап алған. Бұл туралы Касперский зертханасы мәліметіне жүгінген AmericaRU.com хабарлады. Касперский зертханасы  - компьютерлерді вирустан, спамнан, хакерлер шабуылынан және басқа да кибер қауіптерден қорғау жүйесін жасауға маманданған компания. Хакерлер банктер компьютерлеріне тыңшылық әрекеттер жасайтін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін орнатып қойған. Ақыр соңында олар банк қызметкерлерінің жұмыс істеп отырғанын имитация жасау мен ұрланған ақшаны өздері ашып қойған есепшоттарға жіберу жолдарын үйреніп алған. «Нәтижесінде 100-ден астам банк зардап шекті», - деп мәлімдеді Касперский зертханасы. Хакерлер әр банктен 2,5 миллионнан 10 миллион долларға дейін ұрлап алған. Алдын ала есептеу бойынша, жалпы қаржылық шығындардың көлемі 1 млрд. доллардан да асып кетуі мүмкін. Бірақ Касперский хертханасы наөты қандай банктердің тоналғанын айтқан жоқ. Олар Құрама Штаттарды қосқанда, әлемнің 25 еліне орналасқан көрінеді. Банктерді ұрлау әлі жалғасып жатыр. Мұрат Айтқожа.