Байқау • 19 Қыркүйек, 2025

«Дариға-ай» жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орде­нінің иегері, тәуелсіз «Тар­лан» сыйлығының лауреа­ты, көрнекті режиссер Жанат Хаджиев атын­дағы халықаралық театр фести­валі өз мәресіне жетті. Фес­ти­валь Ұлытау облысында 13 қыркүйекте ашылған.

«Дариға-ай» жеңіске жетті

Жезқазған қала­сын­да өткен Ж.Хад­­жиев атын­­дағы IV ха­лықаралық театр фес­ти­ва­лінде өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлаған Абай облыстық «Дариға-ай» жас­тар театры бас жүлдені, «Үздік спектакль» аталымын иеленді.

Театр ұжымы көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» драмасын сахналап, терең фило­софиялық тартысқа толы туынды қазылар алқасын таң­ғал­дырып, көрерменді тәнті еткен. Қойылымның режис­сері – Мей­рам Хаби­буллин. Осы­лайша, режиссердің ізденісі, кейіп­кер­лер­­дің жан дүниесін ашу­дағы ше­берлігі мен сах­налық шешім­дерінің ерекше­лігі үздік бағаланып отыр.

Облыстағы Абай атындағы театр құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы, бел­­гілі қо­ғам қайраткері, абай­­­танушы, Қа­зақ­станның ең­бек сіңірген қыз­мет­кері Төкен Ибрагимовтің баста­масымен 1999 жылы 14 қара­шада ашылды. Сонымен қатар театр­­дың іргетасын қалау­ға профессор Майра Омар­бае­ва, аға оқытушы Мей­рам­­­гүл Алепарова, театр­дың ре­жиссері һәм көркем­дік же­­текшісі болған Ақ­бар­­­әлі Айтыбаев сынды аза­мат­­тар атсалысқанын айта кетке­німіз жөн. Бүгінде театр қоржы­нында қазақ қалам­герлерімен қоса шетел драматургтерінің сүбелі шы­ғармалары бар.

 

Абай облысы  

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20