07 Тамыз, 2015

Жұмыспен қамту бағдары

262 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы үшін бүгінде аса маңызды мәселелердің бірі халықты жұмыспен қам­та­масыз ету болып табылады. Облыс әкімінің орынбасары Шол­пан Ильмуханбетованың айтуы бойынша, жұмыс орындарын құрудың жалпы қарқыны өткен жылмен салыстырғанда артқан.

001 (29) – Сонымен, егер 2014 жылдың 5 айында облыс бойынша 8944 жұ­мыс орны құрылса, осы жылы 9053 орын (109 орынға өсу) ашылды. Әрине, осы өсуде «Нұрлы Жол» және Индустрияландыру кар­тасы бағдарламаларының инфра­құрылымдық жобалары аясында ашылған жұмыс орындарының үлесі де аз емес. Дегенмен, не­гі­зінен біз жұмыссыз азаматтарға жастар тәжірибесі мен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды арттыру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жолымен мемлекеттік қолдау шараларын барынша арттырдық, – деп нақтылады Шолпан Иль­му­ханбетова. Бүгінде өңірдегі жалпы жұ­мыссыздық деңгейі 5,2%-пайызды құрайды, бұл өткен жылғы көр­сеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа төмен, соның ішінде жастардың жұмыссыздығы 6,8%-дан 3,8%-пайызға дейін төмендеді. Шолпан Лазаревнаның айтуынша, солардың арасында бүгінде халықты мұнай-газ өндіруші компаниялар мен олардың сервистік компанияларына орналастыруды қамтамасыз ету негізгі мәселе болып тұр. – Сондықтан, өздеріңіз бі­летіндей, соңғы айлар бойында біз өңірдегі мұнай-газ компания­ларына салынатын салықтық жүктемелерді азайту қажеттігі жайлы мәселені әлденеше көтердік, – деп алаңдаушылығын білдірді Шолпан Ильмуханбетова. – Соның ішінде, мұнай нарығындағы бүгінгі баға жағдайын ескере отырып, өңірдің мұнай-сервистік компанияларына тапсырыстарды қамтамасыз ету мен жұмысшыларды жаппай қысқартуға жол бермеуге кепіл болатын экспорттық кедендік баж салығын нөлге дейін түсіру іске асар еді.

001 (12)

Мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасы аясында ұлттық ком­па­нияларды, даму институттарын қаржыландыру және бюджеттік қаржыландыру арқылы өңірде 14 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Барлық жобалар бойынша ин­вестициялардың жалпы көлемі 156,5 млрд.теңгені құрайды. Олар­дың құрылыстарын жүргізу кезінде 2344 жұмыс орны, пайдалану кезінде 426 орын қарастырылған.

– Ағымдағы жылдың бірінші жарты­жылында меншіктің бар­лық түрлеріндегі шағын несиелік ұйым­дар 334,2 млн. теңге сома­сында шағын несиелер берді және 184 жұмыс орны құрылды, соның ішінде, «Каспий» ШҚҰ» ЖШС жалпы сомасы 116,6 млн. теңге болатын 37 шағын несие берді. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ха­лықты жұмыс­пен қамту аясында «Жұ­мыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды есепке ала отырып, соның ішінде мемлекеттік және сала­лық бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары мен жеке бизнес бастамалары, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың міндеттері аясында облыс бо­йынша 13570 жұмыс орны (2014 жылдың тиісті кезеңінде 13503 жұмыс орны) құрылды. Жұ­мысқа орналастырудың тағы бір түрі – әлеуметтік жұмыс орындары. Қалалар мен аудандар әкімдіктері халықтың мақсатты топтары үшін 941 әлеуметтік жұмыс орнын ашты, – дейді Шолпан Ильмуханбетова. Халықты жұмыспен қамту дең­гейін сақтау жөніндегі тағы бір пәрменді шараның бірі меморандумдар болып табылады. – Бүгінде өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен еңбекке тартуды қамтамасыз ету мақ­сат­­тарында әр деңгейлердегі әкім­діктермен 104 мыңнан астам адамды қам­ты­ған 620 меморандумдар жасалды. Меморандумдар жасау жөніндегі жұмыстар жал­ғасуда. Жұмыстарды үдету үшін әлеуметтік серіктестермен өзара әрекет ету жолға қойылған, со­ны­мен қатар, осы жұмысқа бар­­­лық деңгейдегі әкімдіктер, кәсіп­керлердің өңір­лік палатасы тар­тылған, – деп нақ­тылады облыс әкімінің орынбасары. Жұмыссыздық саны дәйекті түрде қысқарып келеді. Әсіресе, Жаңаөзен қаласында еңбекке тарту үдерісі жедел алға басуда, осы қа­ланың қажетіне жергілікті билік назары екі есе арттырылған. – Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың алға қойған басты міндеті – өндірістік ны­сандардағы жұмыс орындарын сақ­тау, жұмысшылардың негізсіз жаппай қысқартуын болдырмау, әлеуметтік ауыртпалық пен еңбек шиеленістеріне жол бермеу, – деп атап көрсетті Ш.Ильмуханбетова. Облыс әкімінің орынбасары жеткізген ақпарат бойынша жыл аяғына дейін облыста 15-тен астам жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Мәселен, «Қаз­АвтоЖол» ҰК» АҚ Шетпе-Бей­неу автомобиль жолдарын қал­пы­на келтірумен айналысады. Жұ­­мыстардың құны 46,4 млрд. теңгені құрайды. Автожолдар төселімін қалпына келтіру жөнін­дегі жұмыстар барысында 10 адам тартылады деп жоспарлануда. Ақтау теңіз портын кеңейту, со­ның ішінде, «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» жобасын жүзеге асы­ру аясында құрғақ жүктер айлақ­тары мен инфрақұрылым нысандарын салу жүріп жатыр. Осы жобаларға салынған инвестиция­лар 37,5 млрд. теңгені құрайды. Жаңа қуаттылықтарды жүргізудің арқасында 2,5 млн. тонна құрғақ жүктерді өңдеу мүмкіндігі пайда болады. Ақтау портының солтүстік терминалы аймағында орналасқан жаңа өндірістік нысандарда 173 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Медициналық салада да жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Мәселен, сұйық дәрілік түрлер мен «МедикалФарм «Ча-Кур» ЖШС медициналық бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен құру жөніндегі жобаны жүзеге асы­ратын болады. Бұл жобаға жұмсалатын инвестиция 1,7 млрд. теңгені құрайды. Осы өндірісте инфузионды дәрілік құралдардың 20 млн. орамын шығаруды жолға қою жоспарлануда. Жаңа жұмыс орындарымен 29 адам қамтамасыз етілетін болады. Өңірде мұнай-газ саласында да жобалар жүзеге асырылатын болады. Мәселен, солтүстік Бозашы кен орнында «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы құны 2 млрд. теңге болатын №31 топтық өлшеу қондырғысын салуды жоспарлайды. Оның қуа­т­­­­­­тылығы тәулігіне 2400 м3 сұйықтықты құрайды. Топтық өл­шеу құрылғысындағы жұмысқа 8 маман алынады. «Қарақұдықмұнай» ЖШС айналысатын Қарақұдық кен орнында ағымдағы жылы газ жетегі бар блокты-бұталы сорғы стансасын салу басталады. Жобаның құны – 1,1 млрд. теңге. Сорғы стансасының қуаттылығы сағатына 25,5 мың кВт-ны құрайды. Жаңа жұмыс орнымен 20 адам қамтылатын болады. Бұдан басқа, «Тасболат Ойл Корпорейшн» компаниясы қуат­тылығы 2х1819 кВт болатын газ-поршеньді электр стансасын салу бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Осы өндірістік нысан құрылысына компания 825,9 млн.теңге салмақ. Оның қуаттылығы 22 мың МВт-ны құрайды. Азық-түлік саласына да жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, «Берекет-Ф» ЖШС нан өнімдерін пісіру, кондитерлік, макарон өнімдерін, шұжық өнім­дерін, еттен жасалған жартылай дайындалған өнімдерді, сонымен қатар, «Ақ-нан Маңғыстау» ауыз суын өндіру бойынша зауыт салуды бастайды. Бұдан бұрын айтылғандай, жақын айларда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында «Азерсун» компаниясының өндіріс және логистика орталығы ашылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд.теңге инвестиция салынды. Орталықта 40 адам жұмыс жасайтын болады. Өңірде «ДСК-Ақтау» ЖШС үй салу комбинаты салынатын болады. Инвестициялар көлемі 1,6 млрд.теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 300 мың шаршы метр бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 68 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. «Ақтау трансформатор зауы­ты» ЖШС электр-қорғаныстық жабдықтар өндіру мен 6-10-35 кВ күштік трансформаторларды жөндеуді жөнге келтіру жос­парлауда. Бұл жоба құны 600 млн.теңгені құрайды. Өндіріс қуаттылығы – жылына 1000 трансформатор. Жаңа жұмыс орындарымен 60 адам қамтылатын болады. «Шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС шыны-пластик құбырлар мен фитингтер өндіру бойынша 3-цех құрылысын бас­тауды жоспарлайды. Осы жобаны жүзеге асыруға 568 млн. теңге бөлу жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 260 км. құбырды құрайды. Жаңа цехта жұмыс орнымен 50 адам қамтылатын болады. Болашақ сапалы экономикалық өсуге қажетті негізді қамтамасыз ету мен өңірлік экономиканы дамы­тудың қарқынын сақтауға «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың көмектесері сөзсіз. Бағдарлама аясында ұлттық компанияларды, даму институттарын қаржыландыру мен бюджеттік қаржыландыру арқылы өңірдегі 14 жоба жүзеге асырылуда. Барлық жобалар бойынша жұмсалатын инвестициялардың жалпы көлемі 176,5 млрд.теңгені құрайды. Шолпан Ильмуханбетова сан­дар­ды келтіре отырып, оларды салу кезінде 2344 жұмыс ор­ны, пайдалану кезінде 437 орын ашу жоспарланғанын нақтылап берді. Бәрінен бұрын, құрылыс жүргізу кезінде бүгінгі күнде осы жобаларда 800-ден астам жұмыс орны құрылды. Сонымен, көлік-инфрақұрылымдық даму саласында Боржақты-Ерсай теміржол желісін салу аяқталуға жақын. Құрық портындағы паромдық кешен салу жұмысы басталды. Шетпе-Бейнеу автомобиль жолының 6 учаскесінің 4 учаскесінде (200 км) қалпына келтіру жұмыстары аяқталды және 2 учаскедегі (100 км) жұмыстар осы жылдың аяғына аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ермек БАЛТАБАЕВ.

Маңғыстау облысы.