Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан халқына арнаған Үндеуін көлік жүргізіп келе жатқанда тыңдадым. Кешкі сауынға дайындалып жатқан тауарлы-сүт фермасына аяқ тіресімен шұғыл жиналыс ашып, ел мерейін өсірген хабарды жеткіздім. Осы жолы әріптестерімнің жүзінен қуаныш пен толқыныс лебін сезіндім. Риза болдым. Өйткені, бүгінгідей алмағайып заманның ойлантарлық тұстары да баршылық.
Ауылдастарымның ортасында тұрып мынадай сөздерді айттым: Елбасы бұл қадамды тарихи оқиға деп бағалады. Экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайтын ұйымға еліміз 19 жылдық дайындықпен, оң мен солын барынша салмақтаған қалпымен келіп отыр. Тиісті тәжірибе жинақталды. Оның үстіне, республика сауда-саттығының 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Енді біз озық мемлекеттер мүддесіндегі ұйымға жанама қатысушы емес, өзінің ықпалды дауысы бар ел ретінде үлес қосатын боламыз.
Әрине, әлемдік сауда ұйымының өзіндік ерекшеліктері мен алға тартар сындары баршылық. Бәсеке еселене түседі. Себебі, Елбасы Үндеуінде айтылғанындай, шетелдерден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапа шешуші тұтқа болмақ. Бұл орайда, ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін. Өйткені, «Алтын сапа» белгісін екі рет жеңіп алған «Родина» агрофирмасы бұл бағыттағы жұмысты жетілдіре түседі.
Заманалық жабдықтар орнатылған цехта сүт өнімдерінің отыз түрі шығарылады. Бұлардың барлығы СТ РК ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталған. Азықтық тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі СТ РК ИСО 22000-2006 және СТ РК 1733-2007 сертификаттары талаптарына сай сүтті 120 сағат, ал айран, қаймақ, сары май, сыр, ірімшік пен сүзбені 7 тәулік бойы алаңсыз сақтай аласыз. Сапа менеджментінің халықаралық негіздерге сай келуі шаруашылықтың әлемдік деңгейдегі өнім шығаруына мүмкіндік ашып отыр. Айналып келгенде, жоғарыда аталған сертификаттар жиынтығы барлық өндірістік және басқару процесін халықаралық ISO 9001:2008 стандарттары талабында жүргізуге кепілдік береді.
Иван САУЭР,
«Родина» агрофирмасының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33