Оқиға • 03 Қараша, 2025

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «ННЦСНИ» сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 3 қарашада түнгі сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

Фото: Ашық дереккөз

Сейсмикалық дүмпудің координаттары – 36.843º солтүстік ендік пен 67.364º шығыс бойлық. Тереңдігі 120 шақырымды құраған жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, энергетикалық класы 14.2 болған.

Есептік деректерге сүйенсек, жер сілкінісінің күші еліміздің бірқатар оңтүстік аймақтарында 2 балл шамасында сезілген. Атап айтқанда, Шымкент қаласында, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент елді мекенінде, Жетісай және Шардара қалаларында жеңіл дүмпулер байқалған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35